
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының азиялық іріктеу кезеңіндегі үшінші раундтың 8-туры аясында Иран мен Өзбекстан құрамалары кездесіп, матч 2:2 есебімен аяқталды.
Ойын Тегерандағы "Азади" стадионында өтті. Қонақтар сапынан гол авторлары – Хожимат Эркинов (16-минут) пен Аббосбек Файзуллаев (53-минут). Ал Иран құрамасының шабуылшысы Мехди Тареми дубль жасап, 52 және 83-минуттарда есепті теңестірді.
Бұл нәтижемен Иран құрамасы 20 ұпай жинап, топтық кезеңнің аяқталуына екі тур қалғанда-ақ 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама иеленді.
Өзбекстан құрамасы 17 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты. Қос команда да А тобына кіреді, онда бұлардан бөлек БАӘ, Катар, Қырғызстан және Солтүстік Корея құрамалары да бақ сынауда.