
Аргентина құрамасы Лионель Мессисіз-ақ Оңтүстік Америка футболындағы басты қарсыласы — Бразилияны ойсырата жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына алғашқылардың бірі болып жолдама алды.
Бапкер Лионель Скалони баптаған Аргентина құрамасы өз алаңында Бразилияны 4:1 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңіндегі кезекті сенсацияны тіркеді. Аргентина соңғы рет Бразилияны осылай ірі есеппен 1964 жылы жолдастық кездесуде жеңген. Ол кезде есеп 3:0 болған. Биылғы ресми матчтағы 4:1 есебі — соңғы 60 жылдағы ең ірі жеңіс болып тарихқа енді.
Аргентина құрамасы Оңтүстік Америка іріктеу турнирінде алғаш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Қазіргі турнирлік кесте:
2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл турнир тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен ұйымдастырылады.
Аргентина жеңісіне Лионель Мессисіз жетті. “Интер Майами” клубының хабарлауынша, Месси жамбас бұлшықетіне жеңіл жарақат алған.
“Атланта Юнайтедпен” матч кезінде жамбас бұлшықетінде жайсыздық сезінген Месси МРТ тексеруінен өтті. Диагноз — бұлшықетке жеңіл зақым келген. Қалпына келу қарқынына байланысты ол қайта алаңға оралады”, — делінген клуб мәлімдемесінде.
Сол себепті жұлдызды шабуылшы Уругвай мен Бразилияға қарсы іріктеу матчтарына шақыртылмады.