
Елімізге танымал спорт комментаторлары мен сарапшылар қазақ футболындағы мәселелерді ортаға салды.
Белгілі спорт журналисі Оңғар Қабденнің пікірі бойынша, Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) кейбір клубтары үкіметтің тапсырмаларын орындамай отыр. Бұл туралы ол "Бірінші бол" подкастында мәлімдеді.
Бюджет айырмашылықтары
Оңғар Қабден клубтар арасындағы бюджет айырмашылықтарына назар аударды:
"Егер үкіметтің айтқанын ешкім тыңдамайтын болса, неге мұндай шек (шекті сома – ред) енгізіледі? Алсын да емін-еркін жіберсін… Әркім шамасы болса, көсілсін деп. Мысалы ҚПЛ-де 1,2 миллиард теңге алатын клубтар бар. Ал неге 'Астана' 5 миллиард алады? Заң қайда қалды? Сонда 'Астана' бәйбішенің баласы да, қалған клубтар тоқалдың балалары ма?"
Футболшылар жалақысы
Сонымен қатар, Қабден легионерлер мен жергілікті ойыншылардың жалақысы арасындағы айырмашылықты атап өтті.
“Астана” клубының бюджеті
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, 'Астана' футбол клубының 2024 жылғы бюджеті 4,8 миллиард теңгені құрады. Өткен маусымда бұл команда алматылық 'Қайратқа' жол беріп, екінші орын алды.