ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатының жүлде қорын жариялады
2025 жылы АҚШ-та өтетін клубтық әлем чемпионатының (FIFA Club World Cup) жүлде қоры белгілі болды.
uefa.com
ФИФА таратқан ресми мәлімет бойынша:
- Турнир жеңімпазы — 125 миллион доллар табыс табады.
- Жалпы жүлде қоры — 1 миллиард доллар болады және ол 32 клубтың арасында үлестіріледі.
- ФИФА турнирден 250 миллион доллар көлемінде кіріс күтуде. Бұл қаражат кейін әлем бойынша клубтық футболды дамытуға жұмсалмақ.
Клубтық әлем чемпионаты алғаш рет жаңа форматта — 32 команда қатысуымен өтеді. Жарыс 2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та ұйымдастырылады.
6 құрлықтық конфедерациядан үздік клубтар бақ сынайды. Желтоқсан айында өткен жеребе нәтижесінде 8 топқа бөлінген командалар анықталған болатын.
Алайда кейіннен Мексиканың “Леон” клубы турнирден шеттетілді. Себебі оның иесі — КӘЧ-на қатысатын тағы бір мексикалық клуб “Пачукамен” бір тұлға болып шыққан. Бұл — ФИФА ережелеріне қайшы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet