Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Маған қатысты болып жатқанның бәрі заңсыз". ҚФФ-ның бұрынғы басшысы сотта жауап берді

Редактор Penalty.kz
27.03.2025, 22:07

2025 жылдың 27 наурызында мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары, Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Ерлан Қожағапанов 1 миллиард теңгенің ұрлануына қатысты іс бойынша сотта жауап берді. 

NUR.KZ
NUR.KZ

Сотта Қожағапанов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, тергеу барысындағы заңсыздықтарды атап өтті:

"Маған қатысты болып жатқанның бәрі – заңсыз. Бұл – қолдан құрастырылған іс. Мен тергеуді ешқандай қылмыстық құрамның жоқ екеніне көз жеткізуге шақырдым. 13 қарашадан 1 наурызға дейін бірнеше мәрте тергелдім. Барлығына уақытылы барып тұрдым. Тергеу басталардан бір сағат бұрын тергеушінің жанында болдым. Соған қарамастан, 1 наурызда мені қамауға алды", — деді Қожағапанов.

Бұған дейін Қожағапанов тергеу барысында қолданылған аудиторлық компаниялардың сараптамаларын жалған деп мәлімдеген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша (" Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") айып тағылған. Ол 2024 жылдың наурызында ұсталып, қазіргі уақытта қамауда отыр.

Экс-вице-министр 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде мемлекет қаржысын жымқыруға қатысы бар деп күдіктелуде. Айыптау нұсқасына сәйкес, форумды өткізу барысында бюджет қаражатының бір бөлігі заңсыз жолмен жымқырылған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір