Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Карло Анчелоттидің басына бұлт үйірілді. Түрме жазасы жақындап қалды ма?

Редактор Penalty.kz
28.03.2025, 21:46

"Реал Мадридтің" бас бапкері Карло Анчелотти 2 сәуір күні салық төлеуден жалтару ісі бойынша Мадрид сотының алдында жауап береді.

champion.com.ua
champion.com.ua

Тергеу материалдарына сәйкес, Анчелотти 2014 және 2015 жылдары тек "Реалдан" алған жалақысына ғана салық төлеп, қосымша табыс көздерін декларацияламаған. Осылайша италиялық маманның мемлекет алдындағы берешегі 1 062 000 еуро көлемінде болған. Прокуратура оған төрт жыл тоғыз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын талап етуде. 

ФОТО: pressball.by

Карло Анчелотти 2021 жылдан бері қайтадан "Реалдың" тізгінін ұстады. Бұған дейін ол 2013–2015 жылдары да корольдік клубты жаттықтырған. Оның басшылығымен мадридтіктер екі рет Ла Лига мен Испания Кубогын жеңіп алды, үш рет УЕФА Чемпиондар лигасының кубогын көтерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір