ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Марин Томасов хет-трик жасады

Елордалық клуб өз алаңында "Жетісуды" тізе бүктіріп, ҚПЛ-да көш бастады.

Марин Томасов хет-трик жасады
sport-pulse.kz

Елордалықтар матч басынан-ақ ойын тізгінін қолға алып, есеп ашуға көп уақыт жұмсаған жоқ. Қақпашы Денис Кавлиновтың қателігін ұтымды пайдаланған Марин Томасов допты қақпаға тоғытып, алғашқы голдың авторы атанды. Ал тайм соңында хорват футболшысы баспен дәл соққы жасап, өз еншісіне дубль жазды. 

Үзілістен кейін “Жетісу” есепті қысқартуға тырысқанымен, шабуылдары нәтижесіз аяқталды. Ал Марин Томасов өзінің үшінші голын салып, хет-трик жасады. Нәтижесінде матч 3:0 есебімен аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.