Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Мәдениетке құрмет" — Бразилия аңызы Кафу Қазақстан туралы әсерімен бөлісті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.04.2025, 13:25

Бразилия ұлттық құрамасының аңызға айналған капитаны, екі дүркін әлем чемпионы Кафу Алматыда болды.

"Мәдениетке құрмет" — Бразилия аңызы Кафу Қазақстан туралы әсерімен бөлісті (ВИДЕО)
optimizm.kz

Бразилиялық футболшы Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Ол елдің табиғатына, халқына және ұлттық ерекшеліктеріне тәнті болғанын жасырмады. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы жазады. 

“Мен мұнда бірінші ретпін және Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Маған бәрі ұнады: атмосфера, адамдар, тағам. Шымбұлақта болдық. Қар, табиғат, көріністер — бәрі таңғажайып. Мені өте жылы қарсы алды. Бұл үшін алғысым шексіз”, — деді Кафу.

ФОТО: bookmaker-ratings.kz

Кафу Шымбұлақта киген қазақы оюмен өрнектелген свитер көпшіліктің назарын аударды. Аңыз спортшы бұл әрекеттің жай сән емес, шынайы ниеттен туған қадам екенін айтты:

“Мен бұл ұлттық өрнегі бар свитерді арнайы кидім. Бұл — сіздердің мәдениеттеріңізге деген құрметімнің белгісі. Маған Қазақстан қатты ұнады. Адамдарыңыз, дәстүрлеріңіз, қарым-қатынастарыңыз — бәрі ерекше. Бұл — жүректен шыққан әрекет”, — деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір