Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Оған енді оңай болмайды": Абдукодир Хусанов қиын кезеңге тап болды

Редактор Penalty.kz
07.04.2025, 15:43

Манчестер дербиі өзбек қорғаушысы үшін сәтсіз аяқталды. Хусанов тағы да алаңға шықпады.

kun.uz
kun.uz

Жексенбі күні Англия Премьер-Лигасының 31-турында өткен “Манчестер Юнайтед” пен “Манчестер Сити” арасындағы дерби жанкүйерлердің көңілін аса қуанта қойған жоқ. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Бұл матчты өзбек жанкүйерлері ерекше үмітпен күтті. Олар 21 жастағы қорғаушы Абдукодир Хусанов негізгі құрамда шығады деп сенген еді. Алайда ойыншы матч бойы алаңға мүлде шыққан жоқ.

Соңғы кездері Хусанов өз клубының негізгі құрамына енбей жүр. Сарапшылардың пікірінше, ол қорғаныстағы бәсекелестерінен ұтылып, сенімділіктен айырылған.

Ресейлік футбол сарапшысы Артур Мартиросян бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді:

“Хусановтың әлеуеті өте жоғары, бірақ футболдан назарын аударатын факторлар көп. Узбекистанда ол нағыз супержұлдыз, тіпті кейде рок-артист сияқты қабылданады. Ол бар назарын тек футболға бұрып, сыртқы дүниеден ажырауы керек. Қазір “Сити” бапкері оған сенім артып жатқан жоқ. Сондықтан Абдукодирге өзін дәлелдеу оңайға соқпайды”, – деді сарапшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір