Қазақстандық хоккейшілердің әлем чемпионатындағы матчы 4:2 есебімен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "B" тобында Қазақстан құрамасы турнирді жеңіспен бастады.

Қазақстандық хоккейшілердің әлем чемпионатындағы матчы 4:2 есебімен аяқталды
icehockey.kz

Ойын жоғары қарқында өтіп, жанкүйерлерді әсерге бөледі. Құрамамыздың сапынан Юлия Буторина,  Мунира Саяхатқызы, Надежда Филимонова және Анна Пяткова шайба салды. 

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2025 жылғы 9–15 сәуір аралығында өтеді. Бірінші дивизионның "B" тобында қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словения командаларымен күш сынасады.

Қазақстан құрамасының басты мақсаты — келесі кезеңге, яғни "А" тобына жолдама алу. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір