НХЛ тарихында ең әдемі голдардың бірі соғылды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бір қолмен шайбаны тоқтатып, екіншісімен қарсыласты ұстады — Куинтон Байфилдтен өнер туындысы

НХЛ тарихында ең әдемі голдардың бірі соғылды (ВИДЕО)
sports.ru

"Лос-Анджелес Кингз" шабуылшысы Куинтон Байфилд Ұлттық хоккей лигасының (НХЛ) тарихында ең әсерлі голдардың бірін соқты. 

Жанкүйерлердің айтуынша, бұл эпизодты “маусым емес, ғасыр голы” деп атауға болады. Куинтон Байфилдтің гол соғу сәті нағыз шешуші сәттердегі шеберлікті көрсетті.

Байфилд әуедегі шайбаны клюшкамен бір қолымен ұстап, оны доп секілді тоқтатып мұзға түсірді. Қарсылас қорғаушының клюшкасын екінші қолымен ұстап тұрып, қақпашыны қапы қалдырды. Осылайша, ол қозғалысты бір сәтке де үзбей, шайбаны қақпаға дәл бағыттады. 

Бұл көрініс НХЛ жанкүйерлері мен сарапшыларын таңғалдырды, ал бейнежазба әлеуметтік желілерде вирусқа айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір