Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Нұрлан Оразбаев "Барыс" клубының бас директоры қызметінен кетті

Сарапшы, спорт журналисі
08.04.2025, 22:05

"Барыс" хоккей клубының басшылығында кезекті өзгеріс болды. Нұрлан Оразбаев қызметінен ресми түрде босатылды.

hcbarys.kz
hcbarys.kz

Нұрлан Оразбаев 2024 жылдың күзінде «Барыстың» бас директоры болып тағайындалған еді. Бірақ оның басшылығы кезінде қабылданған шешімдер көпшіліктің наразылығын тудырды. Оразбаев команданың барлық солтүстік америкалық легионерлерімен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім үшін клуб жүздеген миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге мәжбүр болды.

"Барыстың" балалар және жасөспірімдер командалары Ресей чемпионатындағы маусымды аяқтамайды деген шешімі болды. Бұл шешім ел арасында үлкен резонанс туғызып, кейін ҚР Туризм және спорт министрлігінің араласуынан соң кері қайтарылды.

Оразбаевтың тұсында астаналық клуб КХЛ тарихындағы ең нашар нәтижеге қол жеткізді. 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинаған "Барыс" жанкүйерлерін қатты қапаландырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір