Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жолдастық матчта Ұлыбританияға есе жіберді

Сарапшы, спорт журналисі

Әйелдер арасындағы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізді. Матчта қазақстандық хоккейшілер 1:3 есебімен ұтылды.

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жолдастық матчта Ұлыбританияға есе жіберді
sportarena.kz

Кездесу барысында қарсылас тарап белсенді ойнап, қақпа маңында жиі қауіп төндірді. Қазақстан құрамасы бір шайбамен ғана жауап қайтарып, қорғаныста жіберілген қателіктер есебінен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасындағы хоккейден әлем чемпионаты 9-15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның “B” тобында өнер көрсетеді.

Құрама "А" тобына шығу үшін мына командалармен бақ сынайды:

  • Ұлыбритания
  • Корея
  • Италия
  • Латвия
  • Словения
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір