Сенсация: Өзбекстан хоккейден әлем чемпионатында алғаш рет қатысып, бірден "алтын" жеңіп алды
13-19 сәуір аралығында Армения астанасы Ереванда хоккейден әлем чемпионатының IV дивизионында сенсациялық нәтиже тіркелді. Өзбекстан ұлттық құрамасы алғашқы қатысуында-ақ чемпион атанды.
Шешуші ойында өзбек хоккейшілері Малайзия құрамасын 18:3 есебімен тас-талқан етті. Периодтар бойынша есеп:
- 1-период: 11:2
- 2-период: 2:1
- 3-период: 5:0
Бұл нәтижемен Өзбекстан чемпионатты 5 ойында 13 ұпаймен бірінші орын еншіледі.
Өзбекстан құрамасының нәтижелері:
- 13 сәуір: Өзбекстан – Кувейт – 13:3
- 14 сәуір: Өзбекстан – Армения – 2:3 (буллиттер сериясы)
- 16 сәуір: Өзбекстан – Иран – 20:0
- 17 сәуір: Өзбекстан – Индонезия – 26:1
- 19 сәуір: Өзбекстан – Малайзия – 18:3
Бұл тарихи жетістік Өзбекстан құрамасына келесі маусымда (2026) III дивизионда ойнауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Өзбекстан бұған дейін ересектер арасындағы әлем чемпионаттарына мүлде қатыспаған.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.