Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында ұятқа қалды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші кездесуін өткізді. Бұл жолы біздің қарсыласымыз — Дания құрамасы болды. Ойын барысында ұлттық құрама тағы да сенімді ойын көрсете алмады. 

Даниямен кездесу: тағы да ауыр жеңіліс

Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Алайда екінші кезеңде Дания шабуылы күшейіп, 24-минутта Миккель Огард есепті ашты. 33-минутта Александр Тру есепті 2:0-ге жеткізді. Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы бір сәттік үміт сыйлады: 47-минутта Никита Михайлис есепті қысқартты Бірақ бұл нәтиже ұзаққа созылмады.

Кристиан Вайсе 51-минутта шайба салып, араға аз уақыт салып Александр Тру дубльмен көзге түсті. Ал 60-минутта Ник Олесеннің шайбасы ойынды түбегейлі аяқтады. Қазақстан 1:5 есебімен жеңілді.

Турнир кестесіндегі жағдай нашарлады

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы В тобының турнир кестесінде жетінші орынға түсіп қалды. Қазір бізде небәрі 3 ұпай, ал соңғы орында тұрған Норвегияның еншісінде 1 ғана ұпай бар.

Алда шешуші кездесу

Келесі матч сенбі күні, сағат 19:20-де өтеді. Бұл жолғы қарсыласымыз — мықты әрі тәжірибелі Чехия құрамасы. Қазақстан құрамасы үшін бұл ойын шешуші болуы мүмкін. Жеңіліс турнирден ерте шығу қаупін тудырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір