Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында қазіргі әлем чемпионы Чехиямен кездесті.
Матчтың алтыншы минутында чех ойыншысы Матей Странски есеп ашты. Бұл алғашқы кезеңдегі жалғыз шайба болды.
Екінші кезеңде Якуб Флек (22-минут) есепті ұлғайтты, артынан Странски (33-минут) дубль жасап кетті. Ойын соңына қарай Роман Червенка (38) тағы бір шайба салып, чехтардың басымдығын нығайтты.
Үшінші кезеңде Адам Клапка (42) бесінші шайбаны енгізді. Қазақстан атынан жалғыз жауап 48-минутта Вячеслав Колесниковтен келді.
Алайда чехтар тоқтаған жоқ: Червенка (54 және 57-минуттар) дубль жасап, Клапка (60) соңғы шайбаны енгізді. Қорытынды есеп – 8:1 Чехияның пайдасына.
Бұл жеңіліс Қазақстан үшін турнирдегі қатарынан төртінші болып отыр. Қазір құрамамыз үш ұпаймен B тобында жетінші орынға орналасқан.
Келесі матч – 18 мамыр, сағат 19:20-де АҚШ құрамасына қарсы өтеді.