
Астаналық "Барыс" клубының айналасында белгісіздік жалғасуда. Қазақстандық бапкер Ғалым Мәмбетәлиев команданың жаттықтырушылар құрамында қала бермек.
“Головой об лед” телеграм арнасы мынадай мәлімет жариялады:
“Ғалым Мәмбетәлиев пен “Барыстың” хикаясы аяқталған жоқ. Инсайдерлік ақпарат бойынша, Мәмбетәлиев соңғы уақытта ойындарды трибунадан бақылап жүр”.
Яғни, клубпен арадағы байланыс толық үзілмеген. Қазір бапкер команданың сыртқы процестерін сырттай бақылауда.
Сол ақпарат көзінің бұған дейінгі мәлімдемесінде былай делінген:
“Бүгінгі таңертеңгі жаттығуда “Барыс” хоккейшілері Ғалым Мәмбетәлиевті көрмейді. Командамен жедел жиналыс өтеді. Барлық белгілерге қарағанда, Ғалым Баубекұлы клубпен қоштасады”.
Бұл мәлімдеме “Барыстың” бапкерлік құрамында ауыс-түйіс болатындығын меңзеген еді. Бірақ жағдай басқаша өрбіді.
Айта кетейік, бұған дейін “Барыс” ресейлік маман Евгений Королевтің уақытша бас жаттықтырушы болып тағайындалғанын ресми түрде хабарлаған болатын.