
Астаналық "Барыс" хоккей клубы бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевпен келісімшартты бұзғалы жатыр.
Келісімшартты бұзу барысында 59 жастағы маманға шамамен 194 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді деп күтілуде.
Ғалым Мәмбеталиев “Барыстың” тізгінін 2024 жылдың қазан айында ұстаған болатын. Ол кезде тараптар үш жылдық келісімшартқа қол қойған еді.
Алайда оның жетекшілігімен ”Барыс” ҚХЛ тарихында ең төмен нәтижесін көрсетті:
Мұндай нәтиже клуб басшылығын шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр етті.
Клуб тарапынан бұл жағдайға қатысты әлі ресми түсініктеме берілген жоқ. Дегенмен, отандық БАҚ-та Мәмбеталиевтің отставкасы таяу күндері жарияланатыны туралы ақпарат тарап кетті.