
Жаңа маусымда астаналық команда ойыншыларға небәрі шамамен 800 миллион теңге жұмсамақ. Бұл көрсеткішпен олар Шығыс конференциясындағы ең шағын жалақы қорына ие клуб болып отыр.
Алдағы маусымда астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) Шығыс конференциясында жалақы қоры ең аз бар команда болмақ. Бұл туралы ресейлік "Штаб Хоккеиста" Telegram-арнасы лиганың ішкі құжаттарына сілтеме жасап хабарлады.
2025/2026 жылғы маусымда "Барыс" ойыншылардың жалақысына бар болғаны 119 миллион рубль (шамамен 800 миллион теңге) бөледі.
Бұл көрсеткіш – Шығыс конференциядағы ең төменгі жалақы қоры.
Салыстыра кетсек, Омбының "Авангард" клубы 900 миллион рубль (6 млрд теңге шамасында) көлемінде максималды жалақы лимитіне ие. Бұл – ҚХЛ ережесі бойынша рұқсат етілген ең жоғарғы көрсеткіш.
ҚХЛ-да барлық клубтар үшін "жалақы төбесі" (salary cap) ұғымы бар. Бұл — маусым бойы ойыншыларға төленетін ең жоғары сомаға қойылған шектеу.
Мақсаты:
Жалақы бюджеті төмен болғанымен, "Барыс" командасы биыл жастар мен перспективалы легионерлерге сенім артып отыр. Команданың басты мақсаты — аз бюджетті тиімді пайдаланып, плей-офф кезеңіне өту.