«Барыс» ХК 2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымын өз алаңында бастады. Қарсылас Челябі қаласының «Трактор» командасы болды.
Бас бапкер Михаил Кравец алғашқы кездесуге мынадай құрамды шығарды:
Шутов (Шестаков) — Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккионе; Маккошен-Бреус, Савицкий-Томпсон-Қайыржан; Бекетаев-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Оспанов; Оразов, Симонов-Шайхмедденов-Мухаметов.
Бірінші кезеңде есепті қонақтар ашты. Алайда көп ұзамай Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде капитандық мінез көрсеткен Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарды, бірақ «Трактор» қайта есепті теңестірді. Үшінші жиырмаминуттықта шешуші сәтті Тайс Томпсон жасады. Оның шайбасы астаналықтарды жеңіске жақындатты. Бірақ матчтың аяқталуына екі минут қалғанда ресейлік команда таблодағы көрсеткішті теңестірді.
Нәтижесінде овертаймға ұласқан ойында «Барыс» шешуші шайбаны соғып, алғашқы жеңісіне жетті.
«Барыс» (Астана) — «Трактор» (Челябі) 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)