Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Барыс» жеті минутта суперкамбэк жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.09.2025, 21:53

«Барысы» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында Хабаровскінің «Амурын» қабылдап, жанкүйерлеріне нағыз сенсациялық камбэк сыйлады. 

Қайсарлық пен мінез көрсеткен астаналық клуб

Кездесу басталғаннан-ақ қонақтар белсенді ойнап, бірінші кезеңнің соңында есеп ашты. Ал екінші жиырмаминуттықтың басында артықшылықтарын еселей түсті. Дәл осы сәттен кейін мұз айдынында төбелес болып, ойынның қарқыны күрт өзгерді.

Жеті минуттың ішінде Райли Уолш, Кирилл Савицкий және Эмиль Галимов бірінен соң бірі шайба соғып, «Барысты» алға шығарды. Соңғы кезеңде «Амур» таразы басын теңестірді, ал негізгі уақыт пен овертаймда есеп өзгермеді. Жеңімпаз буллит сериясында анықталып, шешуші соққыны Кирилл Савицкий жүзеге асырды.

Матч нәтижесі

«Барыс» (Астана) — «Амур» (Хабаровск) — 4:3 (буллиттер сериясында)

Шайбалар тізімі:

0:1 — 19:53 Ли (Мищенко)
0:2 — 20:51 Дубакин (Заседа)
1:2 — 29:24 Уолш (Қайыржан, Веккионе)
2:2 — 32:07 Савицкий (Масси, Қайыржан)
3:2 — 36:43 Галимов (Савицкий, Оразов)
3:3 — 41:18 Петьков (Коротких, Евсеев)
4:3 — 65:00 Савицкий (буллит)

13 қыркүйекте «Барыс» өз мұз айдынында Минскінің «Динамосын» қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір