Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Барыс» ҚХЛ көшбасшысынан ірі есеппен жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі
01.10.2025, 21:31

Астаналық «Барыс» өз мұз айдынында ярославльдік «Локомотивке» қарсы ҚХЛ-дың кезекті матчын өткізді. 

Ресейлік клуб турнир кестесінде Шығыс конференциясының көшін бастап келген, ал қазақстандық команда алтыншы орында тұрған. 

Алғашқы екі кезеңде астаналық клуб қонақтарға қарсылық көрсете алмай, қақпасына екі шайба жіберді. Үшінші кезеңде «Локомотив» басымдығын еселей түсті. Екі рет дәл соққы жасап, есепті 0:4-ке жеткізді. Соңына қарай Райли Уолш бір шайба қайтарды. Алайда соңғы соққыны қарсылас тіркеп, матч 1:5 есебімен аяқталды.

«Барыс» келесі ойынын 5 қазан күні сырт алаңда өткізеді. Қарсылас — Новосибирскінің «Сібір» клубы.

«Барыс» (Астана) — «Локомотив» (Ярославль) — 1:5 (0:1, 0:1, 1:3).
Шайбалар: 0:1 — 03:19 Сергеев (Береглазов, Сурин)
0:2 — 25:02 Фрэз (Паник, Кирьянов)
0:3 — 43:30 Иванов (Радулов, Сурин)
0:4 — 44:06 Сурин (Сергеев, Радулов)
1:4 — 55:34 Уолш (Галимов, Өмірбеков)
1:5 — 57:21 Кирьянов (Сергеев)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір