Астаналық «Барыс» Хабаровскінің «Амур» командасын қабылдап, Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті матчта айқын жеңіске жетті.
Михаил Кравец шәкірттері матчты жоғары қарқында бастады. Бірінші кезеңде Джейк Масси командасын алға шығарса, екінші жиырмаминуттықта Әліхан Өмірбеков пен Тайс Томпсон айырмашылықты ұлғайтты.
Үшінші кезеңде қонақтар бір шайбамен есепті қысқартқанымен астаналықтар басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде «Барыс» өз жанкүйерлері алдында сенімді 3:1 есебімен жеңіске жетті.
«Барыс» 27 қазан күні Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» күш сынасады.