Қостанайлық балуан әлем чемпионы атағына бір қадам жетпей қалды
Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресі шебері Юсуф Мациев күміс жүлдеге ие болды.
Украинамен өткен шешуші айқас
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мациев шешуші белдесуде украин балуаны Егор Якушенкоға 1:6 есебімен жол берді. Кездесу барысында қарсылас басымдық танытып, айқас барысын толық бақылауда ұстады.
Мациев 1/8 финалда — жапон балуаны Кё Китавакиді 2:1 есебімен жеңді;
Ширек финалда — армян спортшысы Аршак Гехамянды 4:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты;
Жартылай финалда — ресейлік Максим Аверинді 9:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Бұған дейінгі жетістік
Айта кетейік, бұған дейін Мерей Мәулетқанов (72 кг дейін) осы әлем чемпионатында қола медаль иеленген.
Юсуф Мациев туралы досье:
- Жасы: 22
- Аймағы: Қостанай облысы
- Марапаттары:
2022 — жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі
2023 — жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері
2024 — Азия чемпионатының финалисті
2025 — U23 Азия чемпионатының финалисті
Мәртебесі: Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Әлемдік рейтинг: 48-орын (5 050 ұпай)