Ел біріншілігінің желтоқсандағы үздіктері анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қарағандылық клубта ойнайтын спортшы бәрінен оқ бойы озып шықты. 

Ел біріншілігінің желтоқсандағы үздіктері анықталды
sportarena.kz

Pro Hokei Ligasy Қазақстан чемпионатындағы желтоқсан айының қорытындысын жариялады. Үздік қақпашы — Даниил Кадочников («Сарыарқа»). Қарағандылық клубта ойнайтын спортшы желтоқсан айында тамаша ойын өрнегін көрсетті.

  • 6 матч — 6 жеңіс
  • Мұз айдынында 361 минуттан астам уақыт
  • Орта есеппен бір шайбадан ғана жіберді
  • Екі матчта қақпасын «құрғақ» сақтады
  • Шайбаларды қайтару пайызы — 96,77%

Оның сенімді ойыны «Сарыарқаның» тұрақты чемпионаттағы жүлде үшін күресуіне мүмкіндік беріп отыр.

Үздік қорғаушы — Арсений Борисов («Арлан»)

Арсений Борисов желтоқсан айында тек қорғаныста ғана емес, шабуылда да белсенділік танытты.

  • 7 матчта — 9 ұпай (1 гол + 8 пас)
  • Пайдалы әрекет көрсеткіші — +5
  • Қарсылас қақпасына 20 дәл соққы жасады

Үздік шабуылшы — Дмитрий Гренц («Торпедо»)

Дмитрий Гренц ай бойы тұрақты нәтиже көрсетіп, команданың негізгі бомбардирлерінің біріне айналды.

  • 8 матчтың 6-ында ұпай жинады
  • 5 гол, 8 нәтижелі пас
  • Пайдалы әрекет көрсеткіші — +11

Қазіргі таңда Гренц бүкіл чемпионаттың үздік үш сұрмергенінің қатарында.

Үздік жас ойыншы — Артур Глухих («Торпедо»)

18 жастағы шабуылшы Артур Глухих негізгі құрамдағы орнын біртіндеп нығайтып келеді.

  • 5 матчта — 5 ұпай (2+3)
  • Пайдалы әрекет көрсеткіші — +3
  • Қақпаға бағытталған 12 соққы
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір