ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

«Барыс» 2025 жылдың соңғы ойынында фаворитті тізе бүктірді (ВИДЕО)

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың 2025 жылғы соңғы матчында Омбыда «Авангардты» 4:2 есебімен жеңіп, маусымдағы ең жарқын сенсацияларының бірін жасады.

Ойын алдында қазақстандық ұжым Шығыс конференциясында 10-орында, ал омбылықтар 2-орында тұрған еді.

Кездесудің бірінші кезеңі қонақтардың толық басымдығымен өтті. «Барыс» сапынан есепті Всеволод Логвин ашып, астаналықтарға ерте артықшылық сыйлады.

Екінші кезеңде «Барыс» қарқынын үдетті. Әихан Әсетов есепті ұлғайтты. «Авангард» бір шайбамен жауап бергенімен көп ұзамай Кирилл Панюков қайтадан айырманы өсіріп, есепті бақылауға алды.

Үшінші кезең фавориттің қысымымен басталғанымен «Барыс» қорғаныста сауатты ойнап, соңына дейін төтеп берді. Қорытынды минуттарда Энтони Морелли бос қақпаға дәл соғып, жеңісті нүктеледі — 4:2.

«Авангард» (Омбы) — «Барыс» (Астана) 2:4
Шайбалар: 
0:1 (12:34) — Логвин (Морелли, Уолш) — тең құрамда
0:2 (22:55) — Әсетов — азшылықта
1:2 (26:27) — Пономарёв (Окулов) — тең құрамда
1:3 (35:25) — Панюков (Әсетов, Шайхмедденов) — тең құрамда
2:3 (51:38) — Ибрагимов (Рашевский, Окулов) — тең құрамда
2:4 (59:37) — Морелли (Веккьоне, Бояркин) — тең құрамда, бос қақпаға

«Барыс» 6 қаңтарда қонақта Нижний Новгородтың «Торпедосымен» кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.