Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының 2025/2026 маусымындағы кезекті матчында Владивостоктың "Адмиралын" қабылдап, 2:5 есебімен жеңілді.
Ойын басталар сәтте қазақстандық клуб Шығыс конференциясында 10-орында тұрса, "Адмирал" чемпионат кестесінің соңғы сатысында орналасқан еді.
Кездесудің бірінші кезеңі қонақтардың пайдасына аяқталды. "Адмирал" минималды басымдықпен алға шықты.
Екінші кезеңде Тайс Томпсон таразы басын теңестіргенімен "Барыс" қақпасына тағы екі шайба кірді.
Ал үшінші кезең есепті түбегейлі өзгерте алмады — қорытынды нәтиже 2:5.
31 қаңтарда "Барыс" сырт алаңда Хабаровскінің "Амурымен" кездеседі.