Астаналық клуб плей-офф кезеңіне таласта өзінің тікелей қарсыласына жол беріп, турнирлік жағдайын одан бетер қиындатты.
Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті сырт алаңдағы матчында хабаровскілік "Амурмен" кездесіп, буллиттер сериясында жеңіліс тапты.
Ойын алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясында 10-орында, ал ресейлік ұжым 9-сатыда орналасқан еді, сондықтан бұл кездесу турнирлік кесте тұрғысынан аса маңызды болды.
"Барыстың" бас бапкері Михаил Кравец матчқа келесі құрамды шығарды:
Бояркин (Шил) — Масси-Уолш, Уиллман — Логвин — Веккьоне; Маккошен — Данияр, Симонов — Томпсон — Ляпунов; Бекетаев — Бреус, Савицкий — Омирбеков — Кайыржан; Никитин, Асетов — Шайхмедденов — Мухаметов.
Кездесудің алғашқы кезеңі қонақтардың пайдасына шешілді. Кирилл Ляпунов соққан шайба "Барысқа" минималды басымдық сыйлады. Екінші периодта есеп өзгермей, астаналық клуб ойынды бақылауда ұстауға тырысты.
Алайда үшінші кезеңде "Амур" қарқынын күшейтіп, 58-минутта есепті теңестірді. Нәтижесінде матч овертаймға ұласып, қосымша уақытта да жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллиттер сериясында ресейлік команда дәлдік танытып, жеңісті өз пайдасына жазды.
Осылайша "Барыс" қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Командалар 2 ақпанда қайтадан кездесіп, қосымша матч өткізеді.