"Барыс" ҚХЛ-дегі сәтсіз сериясын тоқтатты

Сарапшы, спорт журналисі

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2025/26 маусымында кезекті сырт алаңдағы ойынында Владивостоктың "Адмиралына" қарсы кездесті.

Елордалықтар 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Ал екінші жиырма минуттықта “Барыс” бірден қарқынын күшейтіп, Кирилл Савицкий мен Дінмұхамед Қайыржанның шайбалары арқылы алға шықты.

Үшінші периодта қонақтар басымдықты одан әрі арттырды. Эмиль Ғалымов пен Майк Веккьоне мергендік танытса, “Адмиралдың” жалғыз жауабын Либор Сулаж соқты.

“Адмирал” (Владивосток) — “Барыс” (Астана) 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)
Шайбалар:
  • 02:14 — 0:1 Кирилл Савицкий (ассист: Данияр Самат, Ансар Шайхмедденов)
  • 07:10 — 0:2 Дінмұхамед Қайыржан (ассист: Макс Уиллман, Рейли Уолш)
  • 01:48 — 0:3 Эмиль Ғалымов (ассист: Майк Веккьоне, Всеволод Логвин)
  • 12:02 — 0:4 Майк Веккьоне
  • 15:29 — 1:4 Либор Сулаж

Келесі матчта “Барыс” 12 ақпанда өз алаңында Санкт-Петербургтің СКА клубын қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір