"Барыс" Астанада ойсыра жеңілді
Елордалықтар Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2025/2026 маусымындағы кезекті ойынында Санкт-Петербургтің СКА командасына 0:5 есебімен есе жіберді.
Ойынға дейін қазақстандық ұжым Шығыс конференциясында 10-орында тұрса, ресейлік клуб 8-сатыда орналасқан еді.
Кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Ал екінші жиырмаминуттықта қонақтар "Барыс" қақпашысы Адам Шилге екі шайба соқты.
Үшінші кезеңде СКА қарқынын одан әрі күшейтіп, тағы үш голмен матч тағдырын толық шешті.
"Барыс" (Астана) — СКА (Санкт-Петербург) 0:5 (0:0, 0:2, 0:3)
Шайбалар:
0:1 — 32:49 Короткий — буллит
0:2 — 33:14 Плотников (Голдобин, Филлипс) — көпшілікте
0:3 — 44:56 Дишковский (Хайруллин, Савиков) — тең құрамда
0:4 — 47:15 Голдобин (Уилсон, Плотников) — тең құрамда
0:5 — 57:12 Хайруллин (Дишковский, Савиков) — тең құрамда
"Барыс" келесі ойынын 14 ақпанда Астанада өткізіп, Тольяттидің "Лада" клубын қабылдайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet