Астаналық "Барыс" ҚХЛ-дың 2025/2026 маусымындағы кезекті ойынында өз тольяттилік "Ладаны" қабылдап, қиын сәттен қайтты.
Кездесу қарсаңында қос ұжым да өз конференцияларында 10-орында тұрған. Соған қарамастан матч жоғары қарқынмен өтіп, жанкүйерге эмоция сыйлады.
Матчтың басында қонақтар жылдам есеп ашып, "Барысты" қыспаққа алды. Бірақ астаналықтар бірінші кезеңде-ақ ойын тізгінін қолына алып, голдар сериясын жасады.
Иэн Маккошен, Семен Симонов және Дінмұхамед Қайыржан нәтижелі әрекеттерімен команданы алға шығарды. Екінші кезеңде "Лада" айырманы қысқартқанымен үшінші бөлікте Райли Уолш қайтадан басымдықты нығайтты. Артынша Тайс Томпсон да мергендігін танытып, матч нүктесін қойды.
17 ақпанда "Барыс" Магнитогорскінің "Металлургін" қабылдайды.