Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Барыс" 2:0 есебімен алда тұрып, жеңіліп қалды

Астананың "Барыс" ХК ҚХЛ тұрақты чемпионатында Владивостокта "Адмиралға" есе жіберді.

"Барыс" 2:0 есебімен алда тұрып, жеңіліп қалды
hcbarys.kz

Екі шайба айырмасымен алда тұрған

Алдымен Асанәлі Сәркенов қарсылас қақпасын дәл көздеді. Артынша Логан Дэй есеп айырмасын ұлғайтып, "Барысты" 2:0 есебімен алға шығарды. Бірақ мұзайдын иелері есесін жібермей, таразы басын теңестірді.

Осыдан кейін Әлихан Өмірбеков мергендігімен көзге түсіп, елордалық команданы қайтадан алға шығарды. Дегенмен "Адмирал" хоккейшілері екінші үзіліске дейін тағы екі мәрте нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, есепті өз пайдасына өзгертті.

Жеңісті жұлып алды

Матч тағдыры шешуші үшінші кезеңде анықталды. Тартысты өткен соңғы жиырма минутта Владивосток командасы басымдығын сақтап, кездесуді жеңіспен аяқтады. Қорытынды есеп — 5:4, "Адмиралдың" пайдасына.

Сөйтіп "Барыс" ойын барысында екі шайба айырмасымен алда тұрғанына қарамастан, сырт алаңда ұпай еншілей алмады.

Астаналық клуб ҚХЛ аясындағы келесі кездесуін де сырт алаңда өткізеді. 8 қарашада Хабаровск қаласында "Амурмен" кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?