"Барыстың" бұрынғы капитаны Астанаға келді
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Брэндон Боченски Астанаға "Барысқа" қонаққа келді.
ҚХЛ-дағы сегіз маусымын "Барыста" өткізді
Шабуылшы 2010–2017 жылдары астаналық клубтың сапында ойнады. Бір жылдық үзілістен кейін командаға оралып, 2018/19 жылғы маусымды да "Барыста" өткізді.
"Туған клубын сағыныпты. Брэндон Боченски "Барысқа" қонаққа келді!" – деп жазды астаналық клуб.
Боченски 2011/12 жылғы маусымда 27 шайба соғып, ҚХЛ тұрақты чемпионатының үздік мергені атанды.
"Барыс" сапындағы көрсеткіші – 455 матчта 444 ұпай
Боченски "Барыс" сапында 455 матч өткізіп, 444 ұпай жинады. Шабуылшы 179 шайба соғып, 265 нәтижелі пас берді. Тұрақты чемпионаттарда оның еншісіне 169 гол мен 237 нәтижелі пас жазылса, Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде 10 шайба соғып, 28 нәтижелі пас берді.
Бұл туралы не ойлайсыз?