Бүгін «Барыс» өз алаңында «Торпедоны» қабылдайды
Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы матч елорда уақытымен 19:30-да басталады.
Offside.kz
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізеді. Бұл жолы елордалық клуб Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен шеберлік байқасады.
Екі команда бүгінге дейін 40 кездесу өткізген. Оның 22-сi «Барыстың» пайдасына шешілсе, 18 ойында ресейлік команда басым түскен.
Айта кетейін, осы кездесуден кейін 3 ойынды сырт алаңда ойнайды. 3-ші қазанда Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы тұрса, араға екі салып, «Авангардпен» (Омбы) өзара мықтыны анықтайды. Ал қазанның 7-сінде «Автомобилистпен» (Екатеринбург) кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet