ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Барыс" тағы да жеңіліп қалды

Елордалық клуб 14 ойынның 12-сінде жеңілді.

"Барыс" тағы да жеңіліп қалды
ru.sputnik.kz

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» кезекті рет қарсыласына есе жіберіп, жанкүйерлерін қуанта алмады. Астаналық клуб бұл жолы Екатеринбург қаласында жергілікті «Автомобилист» командасымен кездескен еді. 

"Барыс" ойыншылары ә дегеннен басымдықты өз қолдарына алып, екі кезеңде 3:1 есебмен алға шыққан. Бірақ, алаң иелері матч соңына дейін қарымта 3 шайба соғып, қорытынды нәтижені 4:3-ке жеткізді. 

Осылайша «Барыс» биылғы маусымда 14 ойынның 12-сінде жеңіліп отыр. Қазір ол турнир тізімінің ең соңғы сатысында тұр. Ал, кезекті матчын бірер күннен кейін, нақтырақ айтқанда, 10-шы қазан күні Астанада өткізеді. Жарыс кестесі бойынша Астанаға Омбы қаласының «Авангард» хоккей клубы келуі керек. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.