«Барыс» сапына тағы 3 хоккейші қосылуы мүмкін
Соның бірі - «Авангард» шабуылшысы Иван Николишин.
Елордалық «Барыс» клубының құрамы көп ұзамай 3 хоккейшімен толығуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік интернет басылым хабарлады.
Оның ақпары бойынша астаналық команда «Авангард» шабуылшысы Иван Николишинді алуды көздейді. Бұдан бөлек, еркін агент саналатын екі ойыншы - шабуылшы Кирилл Капустин және қорғаушы Михаил Сидоровпен келісімшартқа отыруға жоспарланған.
Айта кетейік, биылғы ҚХЛ маусымында «Барыс» үшін сәтсіз өтуде. Қазір клуб 5 ұпаймен турнирлік кестенің 12-ші орында тұр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.