ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

«Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті
inbusiness.kz

2022 жылдан бері «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына шыға алмай келеді. Биыл команда он төрт ойынның небәрі екеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Салдарынан команда турнир кестесінде ең соңғы орында.

Жаңа маусым басында команда сәтсіздігіне байланысты канадалық маман Дэвид немировски «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті. Оның орнына ресейлік маман Вячеслав Буцаев тағайындалды.

Борис Иванищев 2006-2018 жылдар аралығында елордалық клубта вице-президент міндетін атқарды. 2018 жылдан бері президент қызметінде болды.

Борис Иванищев 1965 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында Теміртаудың «Болат» командасында ойнаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.