Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бұл туралы инсайдер Артур Хайруллин хабарлады.
"Барыс" қорғаушы Алекс Грантқа қанша төлегені белгілі болды.
Инсайдер Артур Хайруллиннің айтуынша, елордалық клуб хоккейшіге 22 күн ішінде 100 миллион теңге төлеген. Бұған жалақы, сондай-ақ келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, "Барыс" Алекс Грантпен 4-ші қазанда келісімшартқа отырды. Ал 26-шы қазан күні арадағы келісімшартты үзді. Осы уақыт ішінде канадалық хоккейші астаналық клуб үшін екі матч өткізіп, еш нәтиже көрсеткен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда 35 жастағы хоккейші елордалық клубтың құрамында өнер көрсеткен болатын. Ол ҚХЛ чемпионаты аясында 8 матч өткізіп, 2 (1+1) ұпай жинады.
2022-2023 жылғы маусымда "Барыс" құрамындағы Алекс Грант ҚХЛ тарихында бір матчта покер жасаған алғашқы қорғаушы болды.