Бұл не масқара? «Барыс» қатарынан бес ойында ұтылды
ҚХЛ аясында астаналықтар Мәскеуде ЦСКА-мен кездесті.
Бірінші кезеңде жалғыз шайба соғылды. Мұз айдын иелері сапында Мамин көзге түсті. Екінші кезеңде есеп өзгеріссіз қалды. Ал үшінші кезеңде таблодағы нәтиже үш рет өзгерді. Қорытынды есеп 3:1.
Осылайша қазақстандық команда қатарынан бес матчта жеңілістің ащы дәмін татып отыр.
4 желтоқсанда «Барыс» мәскеудің «Спартагын» қабылдайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.