Хоккейші матч кезінде қайтыс болды
17 жастағы Коннор Касин АҚШ-тағы қайырымдылық матчында көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz.
olympic.kz
The New York Post газетінің хабарлауынша "Лонг-Айленд Шаркс" жастар командасының хоккейшісі ойындағы үзілістердің бірінде есінен танған. Куәгерлер оған алғашқы көмек көрсеткенімен спортшы ауруханада қайтыс болған.
Жергілікті полиция тергеу амалдарын бастады. "Лонг-Айленд Шаркс" жаттықтырушысы Джефф Темпоун Касин командадағы үздік хоккейшілердің болғанын мәлімдеді.
Ойстер-Бей қаласында (Нью-Йорк штаты) өткен қайырымдылық матчы 2023 жылы көлік апатында қаза тапқан хоккейші Сабрина Наваретті еске алуға арналды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet