Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Астаналық хоккей клубының швециялық қақпашысы Юхан Маттсон ҚХЛ-да жоғары жалақы алатын ойыншылар тізімінде.
Юхан Матссон жазда "Барыспен" бір жылға келісімшартқа отырған. Соған сәйкес оның жалақысы 160 млн теңге боп бекітілді. Өз кезегінде швециялық ойыншы елордалық команданың негізгі емес, үшінші қақпашысы саналады. Осылайша Юхан қосалқы құрамда отырып-ақ өмірден ләззат алып жатыр.
32 жастағы Маттсон биыл жазда Президент Кубогында үздік қақпашы атанған. ҚХЛ чемпионатында СКА, ригалық "Динамо" және екатеринбургтің "Автомобилист" құрамында өнер көрсетті. Сонымен қатар Швеция жастар құрамасы сапында 2012 жылы әлем чемпионы атанған.
Қазір Юханссон "Барыста" қалған жалғыз легионер. Қақпашымен келісімді мерзімнен бұрын үзіп, қомақты өтемақы төлеуге басшылығы ауысқан елордалық клубтың жағдайы жоқ.