ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан әлем чемпионатында камбэк жасап алғашқы ұпай еншіледі (ВИДЕО)

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Оттавадағы (Канада) әлем чемпионатының үшінші матчын Словакияға қарсы өткізді. 

Бірінші кезең еуропалықтардың айқын басымдығымен өтті. Қазақстан жауапсыз үш шайба жіберіп алды. Ал екінші кезеңде Артур Гросс пен Асанәлі Саркенов қарсыластың бір шайбасына жауап қайтарды. Ал соңғы жиырмаминуттықта біздің жігіттер тегеурінді табандылық танытып, кем құрамда таразы басын теңестіріп кетті. Мергендік танытқан Дәулет Нұркенов пен Кирилл Ляпунов. Бірақ овертаймда Словакияның асығы алшысынан түсті. Қорытынды есеп — 5:4. Өз кезегінде бұл қазақстандықтарға бір ұпай әкелді. 

Осылайша Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында қатарынан үшінші ойында жеңілді. 31 желтоқсанда топтық кезеңдегі ақырғы матчта Швейцариямен шеберлік байқасамыз. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.