Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы соңғы сөзін әлі айтқан жоқ
Сергей Старыгиннің шәкірттері элиталық дивизионда қалу үшін Германиямен күш сынасады
nur.kz
Қазақстан жастар құрамасы Оттавада өтіп жатқан әлем чемпионатында төрт ойында бір ғана ұпайға иелік етіп, плей-оффтан тыс қалды.
Сергей Старыгиннің командасы В тобында соңғы бесінші орынға тұрақтады. Енді келесі ӘЧ элиталық дивизионында қалу үшін шешуші ойын өткізеді.
Командамыздың қарсыласы А тобында біз сияқты жалғыз ұпай еншілеген Германия болады.
Қазақстан мен Германия арасындағы матч 2 қаңтарда Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet