Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Оттавадағы әлем чемпионатында соңғы шешуші ойынын өткізді.
Сергей Старыгиннің шәкірттері дүниежүзілік бәсекенің жоғары дивизионында қалу үшін Германиямен тартысты матчта жеңіліп қалды.
Қазақстан Асанәлі Рұсланұлының ықпалымен есеп ашқан. Бірақ арада небәрі сегіз секунд өткенде таразы басы тең болды. Ал бірінші кезеңнің соңында Никита Ситников командамызды тағы да алға шығарды. Екінші кезеңнің басында Артур Гросс басымдықты арттыра түскенімен германиялықтар көп ұзамай есені қайтарды. Соңғы жиырмаминуттықта қарсыластың мерейі үстем болды. Қорытынды есеп 4:3 Германияның пайдасына.
Еске сала кетсек, Қазақстан топтық кезеңде Швециядан 0:8, Чехиядан 2:14, Швейцариядан 4:5, Словакиядан 1:3 есебімен жеңілген.
Жалпы Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда тоғыз мәрте өнер көрсетті. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.