"Барыс" қатарынан тоғызыншы матчта жеңілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Астаналық клуб Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатында Тольяттиде "Ладамен" кездесті.

Екі кезең қорытындысында есеп ашылған жоқ. Матч тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Александр Государев ҚХЛ чемпионатындағы алғашқы шайбасын соғып, мұзайдын иелеріне жеңіс сыйлады. Ал елордалықтар қатарынан тоғызыншы матчта осалдық танытты. 

“Лада” (Тольятти) — “Барыс” (Астана) 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

Шайба:
1:0 — 54:35 Государев.

“Барыс” 11 қаңтарда Қазанда “Ақ Барыспен” ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір