ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Барыста" клубтың жабылуы туралы таңғаларлық мәлімдеме жасалды

"Барыс" ХК бас директоры Нұрлан Оразбаев баспасөз мәжілісінде "Номад" және "Снежные Барсы" командаларының болашағы туралы ой бөлісті.

"Барыста" клубтың жабылуы туралы таңғаларлық мәлімдеме жасалды
hcbarys.kz

Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды. 

“Соңғы алты жылда біздің команда арқылы 113 легионер, ал "Номадта" басқа елдерден 63 ойыншы өтті. Қазір "Номадта" Қазақстан жастар құрамасына үміткер болуға тиіс жас қазақстандықтар өнер көрсетеді. Фарм-клуб тек бірінші командаға жұмыс істеуі керек.

ЖХЛ-дың (Жастар Хоккей Лигасы) деңгейі біздің Қазақстан чемпионатынан төмен. Хоккейші 20 жасында жастар хоккей лигасында емес шеберлер командасында өнер көрсетуі тиіс. Менің ойымша, біз Қазақстан чемпионатында ойнайтын бір фарм-клубты қалдырғанымыз дұрыс. Бұл біріншіден шығынды үнемдейді. Біздің бюджетте "Снежные Барсы” командасына қажет қаражат жоқ. Біздің тіпті “Барыста" коньки алмастыруға шамамыз жетпейді. Ал екіншіден бір фарм-клуб ересектер арасындағы чемпионатында ойнауы керек. Бұл команданың келесі маусымда ЖХЛ-да қалатыны белгісіз”, - деді Оразбаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.