ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан Канадаға қарсы ойында табандылық танытты

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Универсиадада алғаш рет ұпай жоғалтты.

Қазақстан Канадаға қарсы ойында табандылық танытты
newtimes.kz

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық хоккейшілер алғаш рет ұпай жоғалтты.

Еліміздің ерлер құрамасы Канада құрамасымен кездесіп, буллит сериясында 3:4 есебімен қарсылас командаға жол берді. Қазақстандық хоккейшілер матч соңына дейін екі шайба айырмасымен алда тұрған. Бірақ қолда бар басымдықты 20 секунд ішінде уыстарынан жіберіп алды. 

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирде алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін жігіттеріміз Швеция (9:2) және Оңтүстік Кореяны (7:1) тас-талқан етіп ұтқан. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.