ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық хоккейшілердің Универсиададағы матчы күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстан ерлер құрамасы Туриндегі ойындарда Чехиямен сынға түсті. 

Қазақстандық хоккейшілердің Универсиададағы матчы күтпеген нәтижемен аяқталды
icehockey.kz

Бұл кездесуде Қазақстан айқын фаворит саналған. Дегенмен қарсыласына 1:3 есебімен жол беріп қойды. 18-ші минутта Әділ Бейсембаев командасын алға шығарды. Кейін чехиялықтар біздің қақпаға қатарынан үш шайба енгізді. 

Осылайша қазақстандықтар турнирде екінші рет жеңіліс тапты. Бұның алдында студенттерден жасақталған құрама Канадаға буллиттер сериясында ұтылған. 

Қазақстан А тобында жеті ұпай еншілеп, үшінші орынға ие болды. Ширек финалда бізге Словакия қарсылас болады. Матч 19 қаңтарда өтеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.