"Ақтөбе" клубы жабылады

Сарапшы, спорт журналисі

Әкімдік хоккей клубын қаржыландырудан бас тартты. 

"Ақтөбе" клубы жабылады
inbusiness.kz

Shaiba.kz сайтының жазуынша, “Ақтөбе” осы маусымды аяқтап, әрі қарай лигада өнер көрсетпейді. Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан жергілікті хоккей федерациясына ресми хат келіп түскен.

“Ақтөбе облыстық мәслихат сессиясының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 187 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы” шешімімен Ақтөбе облысынан ерлер хоккей командасын қаржыландырмау бекітілген. Ал 2024-2025 жылға маусымға облыстық бюджеттен 286 104 038 млн теңге бөлінген”, - делінген хатта.

Биыл “Ақтөбе” Pro Hokey League турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. Олар 34 ойыннан кейін 35 ұпай жинады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір