ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы екінші ірі жеңісіне жетті

Ригада өтіп жатқан хоккейден жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Тайваньнан басым түсті.

Хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы екінші ірі жеңісіне жетті
icehockey.kz

Қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама сапында София Зубкова (дубль), Cофия Муравьева (хет-трик) және Алена Жакулина мергендік танытты.

Бұған дейін Қазақстан Ұлыбританияға 1:3 есебімен есе жіберсе, Жаңа Зеландияны 14:3 есебімен тізе бүктірді.

Енді қазақстандық хоккейшілер 25 қаңтарда Нидерланд, 26 қаңтарда Латвиямен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.